Таразда әріптестерін пышақтаған полицей 15 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда әріптестерін пышақтаған полицей 15 жылға сотталды

Таразда әріптестерін пышақтаған полицей 15 жылға сотталды

Мұрат Үмбетәлиев "полиция подполковнигі" атағынан айырылды

  • 28 Желтоқсан 2017
  • 131
Фото - Caravan.kz

Таразда әріптестерін пышақтаған жоғары лауазымды полицей 15 жылға сотталды, деп хабарлайды Sputnik Жамбыл облысы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Облыстық ішкі істер департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасының бұрынғы басшысы Мұрат Үмбетәлиевке екі адамды өлтірмек болды деген айып тағылды.  


Сот үкімімен оған 15 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза белгіленді, мүлкі тәркіленеді.  

Үмбетәлиев ҚР Қылмыстық кодексінің 49-бабы бойынша "полиция подполковнигі" арнайы атағынан айырылды.  

Осы жылдың тамызында бірге ішімдік ішкен полицияның экс-қызметкері Марсель Жетпісбаев, Жамбыл облысы ІІД басқарма басшылары Мұрат Үмбетәлиев пен Ерлан Бектұрғановтың арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласқан.  

Үмбетәлиев екі бөтелкелесіне пышақ жарақатын салып, қашып кеткен. Кейінірек оны полицейлер ұстады.