Еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

3 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек оңтүстік-батыста және республиканың оңтүстігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады.

  • 3 Қаңтар 2018
  • 118
Фото - Caravan.kz

Кей жерлерінде көктайғақ,тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, желдің екпіні 15-23 м/с-ге жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Маңғыстау, Атырау, облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады.


Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, желдің күшеюі 15-20 м/с, күндіз көктайғақ болады.