Алматыдан 496 шақырым жерде магнитудасы 3,9-ды құрайтын жер сілкінісі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР БҒМ Ғылым комитетіндегі «Сейсмологиялық тәжірибелік-методикалық экспедициясы» ММ сілтеме жасап. «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» 7 қаңтар күні Алматы уақытымен 02 сағат 54 минут 35 секундта жер сілкінісін тіркеді. Зілзала ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 496 шақырым жерде Қазақстан территориясында орналасқан»,-деп хабарлайды ведомство. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 9.4. Тереңдігі — 10 шақырым.