Атбасар аудандық сотында базардың екі сатушысына қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Екі әйел ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыпталды. Сот материалдарына сәйкес, базар сатушылары қоғамдық орында жанжал шығарып, бір-бірін жамандап, былапыт сөз айтқан. Ұрыс-керіс сауда жасау кезінде басталды.
«Сот шешіміне сәйкес, екі әйел ұсақ бұзақылық жасағаны үшін айыпты деп танылып, әрбіреуі айыппұл төлеуге міндеттелді», — делінген Атбасар аудандық сотының ресми хабарламасында.