Моңғолияда дүниеге келген, қазір Қарасай ауданында тұратын 36 жастағы Ералтай Абай жазасын жалпы режимдегі түрмеде өтейді. Ол "діни араздық тудыру", "терроризмді насихаттау" баптары бойынша сотталды. Прокурор Абайға 9 жыл сұраған.
Абайдың туыстарының айтуынша, сот үкімі оқылған күні оның жетінші баласы дүниеге келген. Соттағы соңғы сөзінде Абай "террорист емес екенін, терроризмді насихаттамағанын" айтты.
Ералтай Абайдың адвокаты Ғалым Нұрпейісов айтуынша, "сот шешімі -заңсыз, бұл шешім балаларының болашағына зиянын тигізеді".
"Жеті баласы енді болашақта әкесі терроризм бабы бойынша сотталғандықтан жұмысқа тұра алмайды" дейді адвокат.
Ералтай Абай 2017 жылдың күзінде қамауға алынған. Сараптама оның әлеуметтік желіде жариялаған постынан «терроризмді насихаттау белгісін» тапқан.