Tvil.ru баспана брондау сервисінің хабарлауынша, ТМД елдерінің қай қалаларына орыстар жиі барғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Рейтинг 30 желтоқсан — 8 қаңтар аралығындағы сұранысқа орай жасалды. Нәтижесінде Алматы сұранысқа ие қалалардың 3-тігіне енді.
Сондай-ақ, бұл тізімде Минск, Баку,Тбилиси, Ереван бар. Ресейліктердің көбі Алматыдағы Шымбұлақ курортына демалуды жөн санайды.
Баку қаласында ресейліктер 4 күнге, Минск қаласында — 3-5 күнге, Тбилиси қаласында — 3-5 күнге, Ереван қаласында — 3 күнге, Алматыда 6 күнге тоқтаған.