Бұл Ақтөбедегі №56 мектеп екен. Көп мәселе бойынша үн қатып жүрген белгілі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Фейсбуктегі парақшасында осы жайтқа қатысты да пікірін жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz.
"Мынау не енді? Осындай көзбояушылық кімге керек? Мектептің алдында намаз оқып, кімге нені дəлелдемекші? Елімізді Сирияға айналдырмақшы ма? Неге тыныш жүрмейді? Қай ата-бабаң қара жамылған?
Министр Ермекбаев мырза еліміздің батыс жағын шұғыл қолға алуы керек! Мыналар жақсылыққа алып бармайды!
Депутаттар, мыналарға қарсы заң қайда?" депті А.Орынбек.