Өзбекстанда депутаттарға шапан киіп жүруді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстанда депутаттарға шапан киіп жүруді ұсынды

Өзбекстанда депутаттарға шапан киіп жүруді ұсынды

Өзбекстан ұлттық университетінің доценті, инновациялық орталықтардың директоры Мирякуб Хайдаров депутаттарға арналған дресс-код ұсынды.

  • 11 Қаңтар 2018
  • 308
Фото - Caravan.kz

Хайдаров ұсынысын мақала ретінде 8 қаңтарда өзбекстандық газеттердің бірінде жариялаған. Оның айтуынша, депутаттар жұмысқа жазда жібек шапан, қыста барқыт шекпен киіп келуі керек. Хайдаров бұл ұсынысын тек газетке жариялағанын әзірге Мажлис (парламент) пен президентке жолдамағанын айтты.

Осыған дейін Қырғызстан депутаттары ел президенті мен парламент төрағасына ресми кездесуде ақ қалпақ киюді міндеттейтін
заң жобасын ұсынған.