Ұшақтың осы үлгісі American Institute of Aeronautics and Astronautics SciTech 2018 конференциясында таныстырылды, — деп хабарлайды Tengrinews Naked Science-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа аппараттың жылдамдығы — сағатына 6200 шақырым. Егер АҚШ Қорғаныс министрлігі қаржыландырса, осы жоба іске қосылады.
Ұшқышсыз аппараттың екі қозғалтқышы болады. Алайда мамандардың айтуынша, ондай қозғалтқыштар әзірге жер бетінде жоқ.
Мамандар осы ұшақтың Lockheed Martin компаниясының SR-72 ұшағына қатты ұқсас екенін айтып отыр.