«Өте тұрақты қарсыластың кеуде тұсына берілген соққымен сұлату оңай емес. Қарсылас жүгіріп жүрсе — ол қиын нысана. Бірнеше раунд бойы Геннадий «Канелоның» кеудесіне соққы беруге әрекет жасады, бірақ төреші белге ұрмауын ескертіп отырды.
«Канело» кеуде соққыларынан жалтару үшін осылай қашқақтап жүрді. Бәлкім, реваншта Головкин кеудеден дұрысырақ соққы беретін шығар», — дейді Абель Санчес.
Айта кетейік, ESPN Stats and Info берген мәліметтерге қарағанда, бірінші жекпе-жекте Альварес Головкиннің кеуде тұсынан 44 рет соққан, ал Геннадий небары 8 соққысын қарсыласының кеудесіне дарыта алған.