Бұл туралы Қазақстан автобизнес ассоциациясының вице-президенті Анар Мақашева айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Локализация да 50% өседі. Вице-президент әрбір сатып алынған үшінші көліктің Қазақстанда жасалғанын және локализация деңгейінің 36% екенін айтып өтті.
«Әрине, қазақстандықтар үшін бұл көліктердің бағасы қымбат. Бірақ көліктерге несиені 4%-бен беру бағдарламасының арқасында мақсатқа жетеміз», — дейді Мақашева.
Мұнымен қатар, вице-президент мемлекеттік автопромды субсидиялауға 10 млрд теңге бөлгенін айтып өтті. 2018 жылы Volvo секілді эконом-класстағы жаңа брендтер пайда болуы мүмкін.
«Осыған орай, биыл жаңа автолар сатылымын — 22%, 50,8 мың бірліктің орнына 62 мың бірлікке көбейтуді жоспарлап отырмыз», — деп хабарлайды ол.