Енді мемқызметкерлер ХҚКО-ға бармайды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Енді мемқызметкерлер ХҚКО-ға бармайды

Енді мемқызметкерлер ХҚКО-ға бармайды

Елбасының биылғы жылғы халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында мемлекеттік қызмет көрсетуді оңтайландыру бойынша жаңа міндеттер қойылды.

О?

  • 18 Қаңтар 2018
  • 294
Фото - Caravan.kz

Осыған орай ОҚО мемқызметкерлері ХҚКО-ға бармай-ақ мәлметтерді алуға мүмкіндік алады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, бұл тұрғыда облыс әкімі Ж. Түймебаев 9 қарашадағы «Әкімдік жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия» отырысында барлық мемлекеттік орган басшылары өз қарамағындағы және бағынысты мекемелердегі қызметкерлердің e–gov порталы арқылы көрсетілетін қызметтерді ХҚКО-ға бармай, электронды түрде алуын қамтамасыз етуді тапсырған болатын.

Осыған сәйкес, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша Департаменті облыстық мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында аудан-қала әкімі аппараттары мен облыстық және аумақтық басқарма, құқық қорғау органдарының мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметкерлері үшін арнайы 3 кезеңде электрондық түрде қызмет алу дағдыларына үйрету бойынша мастер-класс өткізді.

Мұнда әрбір қатысушы өзімен бірге әкелген ЭЦҚ
мен egov порталына кіріп, электронды қызмет алуды практикалық түрде үйреніп, дағдылану жұмыстарын жүргізді.

Оқудан өткен азаматтардың барлығы өз аудандарындағы және мекемелеріндегі әріптестерін электрондық порталмен жұмыс жасауға үйретуге жауапты болады.

#қызметкерлер