Елдің аты өзгеретін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елдің аты өзгеретін болды

Елдің аты өзгеретін болды

Елдің аты жалпыхалықтық референдум арқылы өзгеруі тиіс. Македонияның премьер-министрі Зоран Заев Грекиямен арадағы дау және өз мемлекетіне жаңа атау беру мәселесінің осы референдум арқылы шешілетінін мәлімдеді.   

  • 21 Қаңтар 2018
  • 1659
Фото - Caravan.kz

"Бәрі ашық болып жатқанын көріп отырсыздар ғой. Бұл тұрғыда ұлт болып ақылдасқымыз келеді. Мұны ақыр аяғында азаматтарымыз бекітуі тиіс" деп Македония үкіметі сайтының Заевтың сөзін келтіргені туралы хабарлайды "РИА "Новости".

Айта кетейік, Македонияның өз атын өзгертуге қатысты Грекиямен арадағы дауы көпке созылып келеді. Бұл сонау Югославия қираған 1991 жылдан басталған. Афиндегілер өзінің Македония облысымен бұл елдің атауы шатастырылмауы керек деп жатыр.

Ал жаңа атау ретінде бірнеше нұсқа қарастырылуда. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, бұлар: Жаңа Македония Республикасы, Солтүстік Македония Республикасы, Жоғарғы Македония Республикасы, Македония Вардарлық Республикасы және Македония Республикасы (Скопье).