Бұл туралы Aktobenews.kz хабарлады
Игі бастаманы көтерген «My Bro» барбершоп ұжымы мен «Жүректен жүрекке» еріктілер тобы. Аз қамтылған отбасы балаларының шашын тегін алуға бекінген жастар бұл шара әр ай сайын өткізіліп тұратынын айтты.
Қаладағы №38 және №23 мектеп оқушыларынан ұсынылған 50 балаға қуаныш сыйлады. Заман үлгісіне сай алынған шаш үлгілерімен қатар, оқу құрал-жабдықтары табыс етілді.