22 қаңтар мен 18 ақпан аралығында полиция мен көліктік бақылау инспекциясы бірлесе жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жолаушылар тасымалдайтын автобустардың техникалық құжаттарын тексеріп, жолда тәртіп орнатуды тапсырған болатын. Бүгін Ақтөбе облыстық көліктік бақылау инспекциясы мен жол-көлік полициясы тексеруді бастады.
«Ақтөбе облысының әкімі мен көлік комитетінің нұсқауы бойынша бүгін тексеру басталды. Тексеру 18 ақпанға дейін жалғасады. Жергілікті полиция қызметі мен көліктік бақылау инспекциясы «Автобус» жедел-алдын алу шарасын ұйымдастырды. Тексеру жүргізетін әр мекеме автобустардың құжаттарын қарайды. Инспекция шетелдік жолаушыларды тасымалдайтын автобустарды бақылауға алады», — деді Ақтөбе облыстық көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары Ерұлан Құрманиязов.
Айта кетейік, көліктік бақылау инспекциясы шетелдік жолаушыларды тасымалдауға рұқсат беретін құжатты қарайды.
«Көліктік бақылау инспекциясының екі бекеті бар. Жылжымалы бекеттің бірі Ақтөбе-Мәртөк тасжолының 96 шақырымында орналасқан, екіншісі Ақтөбе қаласы маңындағы Құрашасай ауылында тұр. Бірі Самара-Шымкент, бірі «Батыс Қытай — Батыс Еуропа» халықаралық дәлізіне қойылған.
«Рейс алдында жүргізуші медициналық тексеруден өтеді. Ал техникалық бақылауды автовокзал тексеріп, рұқсат береді. Қазіргі күні тасымалдау екі түрге бөлінеді: тұрақты және тұрақты емес. Ақтөбе облысында тұрақты емес тасымалдау түрімен 25 адам айналысады. Бұл тізімге туристердің өтінішімен жеткізу, вахталық әдіспен жұмыс істейтін жұмысшылар тасымалдау кіреді. Егер тексеру нәтижесінде құқықбұзушылық анықталса, әкімшілік жаза қолданылып, айыппұл салынады», — деді Ерұлан Құрманиязов.
Соңғы жаңалықтар
"Бірде олай, бірде бұлай, уақыты келгенде бәрі болады": Гүлзира Айдарбекованың Жұлдыз жайлы жазбасы желіні шулатты
Мәдениет
3 Мамыр
Бишімбаев ісі қандай мәнге ие болды?
Жаңалықтар
3 Мамыр
Балмұздақ тиеген көлік 29 баланы қағып кеткен
Жаңалықтар
3 Мамыр
Бишімбаев жазадан құтылып кетсе, мұндай елде қалудың себебі жоқ - адвокат
Жаңалықтар
3 Мамыр
Netflix Алматыда реалити-шоу түсіреді
Жаңалықтар
3 Мамыр
"Су тасқыны": Бұқтырма өзенінің су деңгейі көтерілген
Жаңалықтар
3 Мамыр
"Баламның денесін тығып тастағандарын дәлелдей алмадық": Серікзат Дүйсенғазының марқұм ұлына қатысты сот отырысы аяқталды
Жаңалықтар
3 Мамыр
Су тасқыны: мемлекет 13 мыңнан астам отбасыға көмек беріп үлгерген
Жаңалықтар
3 Мамыр
Гаджетке қараудан қолы босамайтын ұрпақтан интеллектуалдар шықпайды
Жаңалықтар
3 Мамыр