Бұл туралы Sputnik хабарлайды.
Ауғанстанда қонақ үйге шабуыл кезінде көз жұмған қазақстандық астаналық бизнесмен болған, деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов.
Сыртқы саяси ведомствоның мәліметінше, қаза болған қазақстандық өткен жылдың қазан-қарашасынан бастап Ауғанстанда болған. Нақты мәліметтер анықталып жатыр. Ведомство мамандары марқұм Қазақстан елшілігінің консульдық есебінде тұрмағанын атап өтті.
Өткен сенбі күні кешкісін қаруланған содырлар Intercontinental Hotel қонақ үйіне басып кірген. БАҚ-тың мәліметінше, 18 сағатқа созылған шабуыл салдарынан кем дегенде 43 адам ажал құшқан. 126 адам құтқарылды, оның 41-і шетелдіктер.