"Санаулы күндер қалды. Олимпиада ойындарының ашылуын тағатсыздана күтеміз. Спортшыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз. Елге медальмен оралады деп үміттенемін", — деді Үкімет басшысы.
Ал, Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы Данияр Абулғазин болса Премьер-министр мен халықтың үмітін ақтап, қоржынға жоқ дегенде бір медаль салуға уәде берді.
Еске салайық, Пхенчхандағы қысқа Олимпиада ойындары ақпанның 9-25 аралығында өтеді. Олимпиаданың ашылу салтанатында ел туын шорт-трекші Абзал Әжғәлиев ұстап шығады.