ҚазАқпарат ХАА-ның мәліметіне қарағанда, бұған дейін "Халықтың сүйіктісі" ұлттық сыйлығы кеңесінің "Еуразия құрлығында бейбітшілік пен ынтымақтастық идеясын насихаттауға қосқан үлесі үшін" — "Мудрая сила" — "Мудрая сила Евразии" атты жаңа халықаралық номинация құруды ұйғарғаны хабарланғані, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Аталған номинациядағы лауреатты таңдау үшін "Халықтың сүйіктісі" ұлттық сыйлығының кеңесі беделді халықаралық ұйым — Еуразия телевидение және радио академиясына жүгінген және жаңа халықаралық номинацияның лауреатын анықтауды сұраған.
"Халықаралық қауымдастық бұл сыйлықты біртуар замандасымыз, болашақты құруға атсалысып жүрген адамға берді. (…) Еуразияшылдықтың саяси философиясын құрған бұл адамның қосқан үлесі ерекше. Әрине, Еуразия телевидение және радио академиясы президиумының бірлескен шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа беріледі", — деді Еуразия телевидение және радио академиясының президенті Валерий Рузин Астанада өтіп жатқан "Халықтың сүйіктісі" ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімінде.