Қазақстанда 2016 жылмен салыстырғанда 17,4 процентке қымбаттады, деп хабарлайды Sputnik energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Порталдың мәліметінше, биылғы жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша қазақстандықтарға шикі сүттің литрі орташа 199 теңгеге (17,4%-ға өсті), пастерленген сүт 215 теңгеге (+7,8%) түскен.
Қаймақ 2017 жылдың қаңтарымен салыстырғанда 8,5%-ға, килограмы 987,8 теңгеге дейін, сүзбе 8,6%-ға, килограмы 1500,8 теңгеге дейін, сыр 9,4%-ға, килограмы 2232,2 теңгеге дейін қымбаттады.
Сары майдың бағасы бір жылда 11,6%-ға, килограмы 1944,8 теңгеге, спред 5,6%-ға, килограмы 829 теңгеге дейін өсті.
Сонымен бірге шикі сүттің бағасы жылына 17%, қаймақ, сүзбе және сыр 9%, сары май 12%-ға қымбаттаған.
Сүт өнімдерін өндірушілер 240,2 миллиард теңгенің (14%-ға көп) тауарын өндірген. Қымыз өндірісі күрт өсті (бірден +46,3%).