Ғалымдар қорылдау мен ақылсыздық арасындағы байланысты анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ғалымдар қорылдау мен ақылсыздық арасындағы байланысты анықтады

Ғалымдар қорылдау мен ақылсыздық арасындағы байланысты анықтады

Австралиядағы Квинсленд университетінің ғалымдары ұйықтаған кезде оттегі жетіспеуі салдарынан адамдардың деменцияға шалдығу қаупі үш есе көбейетінін анықтады

  • 5 Ақпан 2018
  • 173
Фото - Caravan.kz

Ұйықтап жатқан кезде ауа жетпеген болса, мидың қалыпты жұмысы бұзылады. Негізінен адамның зеректігі мен ақпаратты қабылдауына жауап беретін бөлігі зақымданады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Профессор Элизабет Коулсон басқарған ғалымдар тобы апноэні бастапқы кезінде емдеп алу арқылы Альцгеймер ауруына шалдығу қаупін алдын алуға болатынын айтады.

Енді осы ғалымдар 55-75 жас аралығындағы науқастарды апноэден емдеу арқылы, деменцияның алдын алуға болатын-болмайтындығын зерттемек. Апноэге шалдыққан адамдар ұйықтап жатқан кезде қорылдап, күндіз қалғып жүреді. Мұнымен қатар, есте сақтау қабілеті нашарлайды.