Алматы облысында шіркеу өртенді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.63
  • 583.22
-4 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында шіркеу өртенді

Алматы облысында шіркеу өртенді

Алматы облысына қарасты Түрген ауылында орналасқан ағаштан жасалған шіркеуде өрт шықты

  • 7 Ақпан 2018
  • 124
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды.

Ақпаратты төтенше жағдай жөніндегі комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.

«Бүгін сағат үш шамасында Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Архангел Михаил шіркеуінің шатырының өртенгені жайлы хабар жетті. Ғимарат ағаштан жасалған. Жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімшесінің мамандары жұмылдырылды», — дейді Руслан Иманқұлов.

Сонымен қатар, қажет мөлшердегі судың Түрген өзенінен алынатынын айтты.