Ата-анасы Түркияға жұмыс істеуге кеткен 5 жастағы қыз өлі күйінде табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ата-анасы Түркияға жұмыс істеуге кеткен 5 жастағы қыз өлі күйінде табылды

Ата-анасы Түркияға жұмыс істеуге кеткен 5 жастағы қыз өлі күйінде табылды

Қайғылы оқиға 5 ақпан күні Ферғана облысының Полосон ауылында болған. Қыз баланы балабақшадан ешкім алып кетпегендіктен, тәрбиеші басқа балаларға қосып, үйіне жіберген.

  • 7 Ақпан 2018
  • 651
Фото - Caravan.kz

Кешкісін баланың өлі денесі балабақшадан бір шақырым жерден табылған.

5 жастағы қыздың туысқанының сөзінше, баланың оң жақ қабырғасы сынған. Кейбір дене мүшелерін бөлшектеп тастаған. Бүгін сәбиді жерлеген.

№6 балабақша тәрбиешісінің сөздерінше, 5 жастағы Кибриёнің ата-анасы былтыр тамыз айында жұмыс істеуге Түркияға кеткен. Баланы әжесіне тастап кеткен.

"Олар балабақша маңында тұрады. Кейін қыздың үйіне бармағанын естіп, барлық жерді іздедік. Балалардың айтуынша, балабақша алдында оларды велосипедте бір ер адам күтіп алған. Ол балаларға кәмпит әперемін деген. Балалар балабақшадан ұзап кеткенде, ол Кибриёні алып, кәмпитке кеттік деп, содан қайтып оралмаған. Кешкісін Кибриё өлі күйінде табылды", – дейді балабақша қызметкері.

Прокуратура бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғаған. Күдікті ер адам ұсталған.


Құқық қорғау органдарындағы дереккөзге қарағанда, сараптама кезінде баланың денесінде зорланған белгі болмаған. Сонымен бірге дене мүшелері де алынбаған. Тергеушілердің болжамынша, қызды пойыз қағып кетуі мүмкін.