Елімізде ең жоғары жалақыны кімдер алады? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде ең жоғары жалақыны кімдер алады?

Елімізде ең жоғары жалақыны кімдер алады?

Өткен жылы қазақстандықтардың орташа айлық жалақысы 149,7 мың теңгеге жеткен

  • 13 Ақпан 2018
  • 172
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда өткен жылдың соңғы үш айында ең жоғары жалақыны қаржы, сақтандыру, ғылым, техникалық қызмет және IT салалардың қызметкерлері алған, деп хабарлады Sputniknews Energyprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Өткен жылдың соңғы тоқсанында жұмыс істейтін әрбір қазақстандықтың орташа айлық жалақысы орташа 163,7 мың теңгені құраған, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда 5,9 процентке көп. Сонымен қатар, инфляцияны есепке алғанда жалақының сатып алу жарамдылығы бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда 1,4 процентке қысқарған.    

Қостанай және Ақтөбе облыстарында бір жылда нақты жалақы 2,1 процентке, сәйкесінше 138,2 және 130 мың теңгеге өскен. Ал Маңғыстау облысында жалақының сатып алу жарамдылығы бірден 8 процентке – 269,6 мың теңгеге дейін төмендеген. Бұл жалақы 1,5 процентке азайған жалғыз өңір. 

Сонымен қатар өткен жылдың IV тоқсанының қорытындысы бойынша елімізде қаржы және сақтандыру (316,1 мың теңгеге дейін, бір жылда жалақы 0,1%-ға өскен), ғылым және техникалық қызмет  (303,3 мың теңгеге дейін, —7,3%), сондай-ақ ақпарат және байланыс (249,3 мың теңгеге дейін, +7,4%,) салаларында ең жоғары жалақы төленген. 


Орман өсіру және ағаш дайындау (бір жыл ішінде бірден +17%, 162 мың теңгеге дейін) және құрылыс (бір жыл ішінде +15,7%, 218,1 мың теңгеге дейін) салаларында жалақы күрт өскен. 

Тұтастай алғанда, 2017 жылдың қаңтар-желтоқсанының қорытындысы бойынша жұмыс істейтін қазақстандықтың орташа айлық жалақысы 149,7 мың теңгеге жетіп, 2016 жылмен салыстырғанда 5,1%-ға артқан.