Ақтөбелік студент республикалық ақындар айтысында бас жүлдені жеңіп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.66
  • 475.14
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбелік студент республикалық ақындар айтысында бас жүлдені жеңіп алды

Ақтөбелік студент республикалық ақындар айтысында бас жүлдені жеңіп алды

Айтысқа еліміздің 23 оқу орнынан 40-тан аса студент қатысқан.

  • 19 Ақпан 2018
  • 227
Фото - Caravan.kz

Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің мерейтойына арналған ақындар айтысында Қайырхан Жұбаниязов топ жарды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Жоғары оқу орнының 90 жылдығына арналған «Менің пірім – Сүйінбай» атты Республикалық суырыпсалма ақындар сайысында ақтөбелік Қайырхан Жұбаниязов бас жүлдені жеңіп алды. Екінші мәрте өткізіліп отырған дәстүрлі айтысқа еліміздің 23 оқу орнынан 40-тан аса студент қатысқан.

Қайырхан қазіргі таңда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 3 курс студенті.


Соңғы жаңалықтар