Әлішер Кәрімов сөз байласқан қалыңдығымен үйленбейтін болып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлішер Кәрімов сөз байласқан қалыңдығымен үйленбейтін болып қалды

Әлішер Кәрімов сөз байласқан қалыңдығымен үйленбейтін болып қалды

Бойдақпын мен! Дәл осылай деп әндеткен Әлішер Кәрімовтің жеке өмірінде өзгеріс орын алды. Әнші жарияға жар салып, жұртқа көрсеткен қалыңдығымен айырылысып тынды.

  • 27 Ақпан 2018
  • 474
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Әлішер 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасына айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Өмір заңы – кездесу мен қоштасу. Кездесеміз, қайта қоштасамыз. Біреу – ерте, біреу – кеш. Барлығы әдемі басталды, әрі қарай да әдемі бірақ бөлек жалғасады. Өмірімде болып жатқан жайттар осы. Мұның барлығын 3 наурыз күні «Қазақстан» концерт залында өтетін ән кешімнен естисіздер”, – дейді Әлішер.

Әлішердің концерт туралы сөз қозғауы бекер емес. Әрдайым өмірін өлеңге қосатын әнші дәл қазіргі күйі жайлы да ән жаздырған. Су жаңа туынды “Бойдақпын мен” деп аталады.

“Ол менің қазіргі күйім. Сондықтан да қазір белсенді жұмыс істеп жатырмын. Ал ол (авт. экс сүйіктісі) туралы қазір сөз қозғағым келмейді, екеуміз жақсы дос болып қалдық. Шығармашылықта болашағы зор екеніне сенімдімін. Лайықты серік табады деп үміттенемін. Бірақ енді менен асқан жігіт бола ма, ол жағын білмеймін. Әлі де сөйлесіп тұрамыз. Мысалы, жақында сөйлесіп, кофе ішуге уәделестік”, – деп ағынан жарылды Кәрімов.