"28 ақпан мен 1 наурыз аралығында жауын жаууына байланысты Алматының таудан ағатын өзендері арнасынан тасуы мүмкін", — делінген қалалық ТЖД таратқан хабарламада.
Айта кетейік, 24 ақпаннан бері Алматы облысының бірнеше елдімекенінде тасқын су тұрғындарды тығырыққа тіреп қойды. Еріген қар суы ондаған үйді шайып кеткен. Әсіресе Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ, Қарасай және Жамбыл аудандарында жағдай мүшкіл. Жергілікті билік өкілдері болса шарасыздық танытып отыр.