7 пайыздық жаңа ипотеканың механизмі қашан дайын болатыны айтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
7 пайыздық жаңа ипотеканың механизмі қашан дайын болатыны айтылды

7 пайыздық жаңа ипотеканың механизмі қашан дайын болатыны айтылды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көпшілік үшін баспана ипотекасын қолжетімді ететін жаңа "7-20-25" бағдарламасын ұсынған болатын.

  • 6 Наурыз 2018
  • 224
Фото - Caravan.kz

Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек министрлік пен Ұлттық банктің жаңа ипотекалық бағдарламаны іске асыру механизмін үкіметтің келесі отырысына дейін даярлауы керектігін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Баспана сатып алғысы немесе оны жақсартқысы келетін азаматтарды ынталандыру керек, сондықтан премьер-министр нақты уақытты белгіледі. Біз Ұлттық банкпен бірге бір апта ішінде қалай жүзеге асыратынымыздың нақты механизмін даярлауымыз қажет", — деді Қасымбек. 

Оның сөзінше, жекеменшік банктерді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі немесе жаңа ипотекалық компания шарттары бойынша жұмыс істеуге міндеттеу мүмкін емес. 

"Жаңа компания жұмыс істейтін шарттар, кеше елбасы айтқандай, 7 пайыз. Алғашқы жарна 20 пайыз және кредит мерзімі 25 жыл. Әрине, бүгінгі күнмен салыстырғанда ТҮҚЖБ-ның өзінде бастапқы жарна 30-дан 50 пайызға дейін. Бұл азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз етуде үлкен серпін болмақ, өйткені, 7 пайыз қазіргі нарықтағыдан екі есе төмен. Жекеменшік банктерде 30, 50 пайызға дейін барады, ал мұнда тек 20 пайыз", — деп жалғастырды министр. 

Министрдің пікірінше, Елбасының бастамасы ипотекалық кредит беру нарығын, құрылыс саласын және құрылыс материалдарын өндіруді дамытуға ықпал етеді. 


"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі — еліміздегі ипотеканың шамамен үштен екісі. Нарықта тағы бір компанияның пайда болуы бәсекелестікті арттырады. Мұнда қалың кезектер болатынын түсінеміз. Кеше Елбасы нақты соманы белгіледі — үш триллион теңге. Бұл қаржы жеткілікті деп есептеймін", — деп аяқтады министр. 

Еске салайық, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көпшілік үшін баспана ипотекасын қолжетімді ететін жаңа "7-20-25" бағдарламасын ұсынған болатын.

Оқи отырыңыз:

Салық жүктемесі 10 есе қысқартылсын – Елбасы

Мемлекет басшысы шағын несие беруді көбейтуді тапсырды

Қазақ жастары Ресей университеттерінде тегін білім ала алады