Қызылордада тал түсте көшеде болған атысты "бұзақылық" деп тергеп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада тал түсте көшеде болған атысты "бұзақылық" деп тергеп жатыр

Қызылордада тал түсте көшеде болған атысты "бұзақылық" деп тергеп жатыр

Қызылордада 27 наурыз күні күндіз болған атыстан бір адам жараланып, ауруханаға түсті деп хабарлады жергілікті билік өкілдеріне сілтеген ақпарат агенттіктері. Полиция "жеті-сегіз адамнан тұратын топтың бұзақылық жасағаны" анықталғанын мәлімдеді.

  • 28 Наурыз 2018
  • 53
Фото - Caravan.kz

Жергілікті ақпарат агенттіктері таратқан видеода қаланың орталық көшелерінің бірінде жас жігіттің артынан қуған топ адамнан қашып бара жатқаны, сәлден соң қолына қаруға ұқсас зат ұстап, оларға қарай жүгіргені көрінеді. Сосын қуғыншылар кері қашып, атыс үні естіледі.

Қызылорда облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Нұрлан Анарбаев 27 наурыз күні кешке күдіктілердің ұсталғанын хабарлады. "Аталған бұзақылықты жасаған күдікті адамдар ұсталды, қазір олар тергеліп жатыр. Олардың жеке бас мәліметтері тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды" деді Анарбаев журналистерге. Ол бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 259-бабы 3-бөлімі ("Бұзақылық") бойынша іс қозғалғанын хабарлады. Анарбаев облыстық медициналық орталыққа дене жарақатымен түскен адамның жергілікті тұрғын екенін айтады.

Облыстық медициналық орталық директорының міндетін атқарушы Қанат Жундабеков ауруханаға түскен адамның кеудесіне оқ тигенін айтады. "Операция жасалып жатыр, жағдайы кейінірек белгілі болады" деді Жундабеков.


Бұған дейін Қызылорда қаласында орын алған атыстың видеоға түсіп қалғаны хабарланған болатын. 

 

Ұқсас тақырып:

Қызылордада болған атыс камераға түсіп қалған
Жамбылда атыс оқиғасы орын алды
ІІД Ақтауда "атыс болғанын" жоққа шығарды