Ертіс өзенінде алдағы аптада сең жүре бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ертіс өзенінде алдағы аптада сең жүре бастайды

Ертіс өзенінде алдағы аптада сең жүре бастайды

Ертіс өзенінде 11-16 сәуір күндері сең жүре бастайды.

  • 10 Сәуiр 2018
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлайды. 

Павлодар облыстық ТЖД-нің мәліметінше, жағдай жергілікті құтқарушылардың жіті бақылауында. «Әр сағат сайын мұздың деңгейіне мониторинг жасалады. Бүгінгі таңда оның қалыңдығы кей жерлерде жарты метр болса, кей тұстарда 400 сантиметрді құрайды,- дейді мамандар. Синоптиктердің болжамынша, 11-16 сәуір күндері мұз қозғала бастайды. Айта кетейік, Павлодарда «Затон» аумағында мұз қалыңдығы 482 сантиметрге жетсе, Ертіс ауданында небәрі 208 сантиметрді құраған. Дегенмен, әр аумақтың өзіндік шекті деңгейі болады. Мәселен, «Затон» аумағында су деңгейі 800 сантиметрге жеткенде қауіпсіздіктің қызыл деңгейі жарияланады. Орта есеппен алғанда, күн сайын су деңгейі 10 сантиметрге көтеріледі. 

Ұқсас тақырыптар:

“Қайтадан су басуы мүмкін”. Ахметов Зырян ауданына келді

Шығыста күн суытып үйлерге енді мұз қатып жатыр

Соңғы жаңалықтар