Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды.
«Данияр Талғатұлы, залдың реакциясын көріп отырсыз ба? Бізде мұндай жағдай бұрын да болған. Сіздердің әріптестеріңіздің бірі мінберге көтерілді, жауап берді, содан кейін Нұрлан Зайруллаұлы регламент бойынша уақыт бітті деді. Ол көп сөзбен депутаттар қоятын сұрақтарды шектеймін деп ойлаған-ау. Біздің құқығымыз бар, сізді күн бойы тыңдауға әзірміз. Нақты жауап беріңіз. Нақты сұрақ болды: Ұлттық банк осындай мәмілелердің сомасы бойынша шектеулер енгізуді жоспарлап отыр ма? Иә, не жоқ деп жауап беріңіз. «Иә» болса қандай көлемде? Мұнда келіп лекция оқудың не қажеті бар?», — деді Нұрлан Нығматулин заң жобасын талқылау барысында.
Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев «Шығарылатын ақшалардың көлеміне ешқандай валюталық шектеу жоқ», — деп қысқа қайырды.
Оқи отырыңыз:
Асанәлі Әшімовтің келіншегі абыз актердің бұрынғы әйелімен және балаларымен қарым-қатынасы жайлы айтты
Мақпал Жүнісова Мұхтар Шаханов үшін әруақтардан кешірім сұрады