Әйелдер көлік сатқанда ерлерге қарағанда аз өтірік айтады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әйелдер көлік сатқанда ерлерге қарағанда аз өтірік айтады

Әйелдер көлік сатқанда ерлерге қарағанда аз өтірік айтады

 

  • 12 Сәуiр 2018
  • 29
Фото - Caravan.kz

CarPrice онлайн-аукционы 816 ер адамнан және 498 әйелден көлігін сатқан кезде қаншалықты мақтауды асырып айтатынын сұрап, сауалнама жүргізді.

Бұл туралы Вaq.kz ақпарат агенттігі Лайф.ру басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Зерттеу жүргізген сарапшылардың бірінші сұрағы сатушылар өз көлігінің артықшылығын неліктен асыра айтатыны туралы болды. Егер «иә» болса, онда «қаншалықты жиі?» деген сауал қойылды. Сонда жауап бергендердің көбісі (87,7%) көлікті сатқан кезде шынын айтатын болып шықты. Бірақ әйелдерге қарағанда еркектер өз көлігінің жағдайын асыра мақтайтыны да белгілі болды.

Ал, ешқашан алдамайтындар «неге шындықты айтасыздар» деген сұраққа жауап берді. Олардың да көп бөлігі (55,9%) көлікті қатты мақтаудың қажеті жоқ, себебі оның жағдайы жақсы күйде деген жауап қатқан. Бұл жауапта әйелдер еркектерге қарағанда сенімдірек болды.