Қарағандыда жеңіс күнінің құрметіне Ұлы Отан соғысының қатысушылары 150 мың теңге көлемінде бір реттік жәрдемақы алады, деп хабарлайды Today.kz.
"Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығы" мемлекеттік басқармасының мәліметінше, қалада Ұлы Отан соғысына қатысқан 66 ардагер, тыл жұмысына қатысқан 323 адам тұрады.
Тыл жұмысында еңбек еткендер мен соғысқа қатысқан әскерлердің әйелдері мен жесірлері 10 мың теңге жәрдемақы алады.
Қаражат олардың банк шоттарына аударылады.
Оқи отырыңыз:
Алматы тұрғыны жоғалған ұлына 7 жылдан соң іздеу салды
Мүфтият жасанды ұрықтандыруға қатысты жаңа пәтуа шығарды
АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы Барбара Буш өмірден озды