Жарияланды: 30

АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы Барбара Буш өмірден озды

АҚШ-тың бұрынғы бірінші ханымы Барбара Буш өмірден озды

Үлкен Джордж Буштың әйелі Барбара Буш 93 жасқа қараған шағында өмірден озды.

АҚШ-тың бұрынғы президенті үлкен Джордж Буштың әйелі Барбара Буш 93 жасқа қараған шағында өмірден озды. Бұл туралы Associated Press хабарлады, деп жазады Хабар 24.

Бұдан бұрын Барбара Буш емнің жаңа түрлерін іздеуден бас тартып, қалған өмірін отбасының жанында өткізу туралы шешім қабылдағаны белгілі болған.

Үлкен Джордж Буш пен Барбара Буш 1945 жылы шаңырақ көтерген. АҚШ-тың бірінші ханымы кезінде Б.Буш тұрғындар арасында сауаттылықты арттыруға үлес қосып, Barbara Bush Foundation for Family Literacy қайырымдылық қорын құрған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін