Астанада жоғалып кеткен ерлі-зайыптылар осы уақытқа дейін букмекерлік кеңседе болған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада жоғалып кеткен ерлі-зайыптылар осы уақытқа дейін букмекерлік кеңседе болған

Астанада жоғалып кеткен ерлі-зайыптылар осы уақытқа дейін букмекерлік кеңседе болған

Полиция қызметкерлері 12 сәуір күні  жоғалып кеткен үш баланың ата-анасы Исраилжан Идминов пен Гүлхан Терлікбаеваны тапты.

  • 20 Сәуiр 2018
  • 22
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «ҚазАқпарат» Астана Ішкі істер департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Жедел іздестіру шараларының арқасында жоғалған адамдардың қайда жүргені анықталды. Қазір ата-аналар аумақтық ішкі істер басқармасына жеткізілді. Қазір олардың жоғалу себептері нақтыланып жатыр», — деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Полицейлер ата-аналарға қатысты заңғы қайшы ешқандай іс-әрекеттердің жасалмағанын анықтады. Өздерінің түсіндіруінше, олар букмекерлік және компьютерлік клубтарды аралап жүрген.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада тал түсте үш баланың ата-анасы — 32 жастағы Исраилжан Идминов пен Гүлхан Терлікбаева жоғалып кеткен болатын. 12 сәуір күні сағат 14.00-де балалардың анасы үйінен шығып, ортаншы қызын «Айгөлек» дамыту орталығына апарған, содан бері олардан хабар болмаған. Үйдің отағасы да дәл сол күні сағат 11.00-де із-түзсіз кеткен.