Алматы-Бішкек тас жолында әйелді сәбиімен бірге көлік қағып өлтіріп, жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті, деп хабарлайды Sputniknews.kz Алматы облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
38 жастағы әйел мен сәбидің денесі 18 сәуірге қараған түні Қарасай ауданында табылған.
Полиция олардың жол апаты салдарынан қаза тапқанын анықтап, айыптыны іздеу шараларына кірісіп кетті.
"Мамандар оқиға орнынан Mazda СХ-7 көлігінің ұсақ бөлшектерін тауып, бүкіл өңір мен көрші облыстарда іздеу жүргізіле бастады", — деп мәлімет берді Алматы облысы ІІД жергілікті полиция қызметі іздеу бөлімінің бастығы Ерлан Кәрібаев.
Жүргізуші табылып, ұсталды. Күдікті Қаскелең қаласының тұрғыны екен. Ол кінәсін мойындап, түсініктеме берді.
Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті.
Оқи отырыңыз:
Көлсайдағы лай көшкіні: Тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ
Астанада жас ақындар тегін айтысады
Ресейде ауыр халде жатқан қыз Астанаға жеткізілді