Министр ата-аналарды жұмыстан ертерек босатуды сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Министр ата-аналарды жұмыстан ертерек босатуды сұрады

Министр ата-аналарды жұмыстан ертерек босатуды сұрады

Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 15 мамырда Қазақстанда жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтетінін хабарлады.

  • 11 Мамыр 2018
  • 39
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды. 

"Қазақстанда 15 мамырда жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтеді, бұл екінші мәрте өткелі жатыр. Орта есеппен 10-15 пайызы (ата-аналар жиналысына) қатысады. 2017 жылы жалпыұлттық ата-аналар жиналысына 80 пайыз мектеп оқушыларының ата-анасы қатысты, бұл жақсы нәтиже. 2018 жылы осы көрсеткішті қайталауды жоспарлап отырмыз", — деді ведомство басшысы. 

Ерлан Сағадиев жұмыс берушілерге ата-аналар үшін жұмыс күнін қысқартуды сұрады. 

"Министрлік тарапынан барлық жұмыс берушіден, оның ішінде меморгандардан осы күні ата-аналарды ертерек жұмыстан жіберуін сұраймыз. Олар мектепке барып, ата-аналар жиналысына қатысып, балалары оқитын мектепті өмірімен танысса дейміз", — деді министр. 

Оқи отырыңыз:

Оралда ер азамат қайын атасы мен енесін атып тастады

Астанада санитарлық талаптар бұзылған 8 мектептің директоры жазаланады