Тіпті 10-15 жыл бұрын молдалардың өздері хиджабты никабтан ажырата алмайтын – БАҚ «діни жаңғыру» жайында - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тіпті 10-15 жыл бұрын молдалардың өздері хиджабты никабтан ажырата алмайтын – БАҚ «діни жаңғыру» жайында

Тіпті 10-15 жыл бұрын молдалардың өздері хиджабты никабтан ажырата алмайтын – БАҚ «діни жаңғыру» жайында

Сарапшылардың пайымдауынша, қазір Қазақстан зайырлы және діни болашақтың шырмауында тұр.

  • 21 Мамыр 2018
  • 400
Фото - Caravan.kz

Егер елімізде ислам үрдісі басымдық ала берсе мемлекет пен болашақ қалай болады? Бұл сұраққа Central Asia Monitor тілшілері жауап іздеп көрді.

Арман ҚҰДАБАЙ, ұстаз, блогер және діни тақырыпта қалам тербеп жүрген журналист

«Тіпті молдалардың өздері хиджабты никабтан ажырата алмайтын»

— Бар жоғы 10-15 жыл бұрын қалалықтар ғана емес, тіпті ауыл тұрғындары да түріктің сәнді орамалдарын мен пәранжаның жетілдірілген түрлерінен хабарсыз болатын. Тіпті ол кезде молдалардың өздері де оның мән-мағынасын айтпағанның өзінде хиджабты никабтан ажырата алмайтын.

Көшеде мұсылманша киінген адамдардың көбейгені жайында 5-7 жыл бұрын ғана айтыла бастады. Біз қоғамдағы өзгерістерді байқай бастадық. Бірақ көпшілігі бұл уақытша құбылыс деп сенді. Дегенмен аталған жағдай күшейе түсті.

Қазір шетелдік мамандар бізді Түркия мен Арабияға ұқсас ел деп айтады.Оған таң қалатын ештеңе жоқ. Тіпті кейбір қазақ тойларында қалыңдық арабтардың киіміне ұқсас көйлекпен шығып жүр.


Оның ең қауіптілігі, ең алдымен менталитетіміз бен ұлттық ерекшеліктеріміз бен құндылықтарымыздың жойылуына әкеп соғады.Осыдан біраз уақыт бұрын шетелдік сарапшылар Орталық Азия елдерін салыстыра отырып Қазақстанның білімін, медицинасының деңгейін үлгі қылатын. Біздің қоғамдағы жағдайға таң қалатын. Тіпті біз өзімізде қазақ қыздары шығыс елдерінде пәрәнжа кимеген деп мақтанатынбыз.

Бірақ бұл кешегі күндер еді. Өзгеріс туындады. Біздің осы саладағы көпжылық жетістігіміз оп-оңай сызылып тасталды.