Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.
«Зейнеткер 1998 жылдан бастап 20 жыл үздіксіз жұмыс істесе және оның алдында да 20 жыл жұмыс істесе оның толық еңбек өтілі 40 жыл деп есептеледі және ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100% көлемінде зейнетақы алады. Осыдан кейін зейнетақы мөлшерін сатылап төмендету жүреді. Зейнетақы жүйесіне жарналарды аудармаса, дерекқорларда ол туралы мәлімет болмаса, зейнеткердің ешқандай еңбек өтілі болмаса, еңбек өтілі көп дегенде 10 жылды құраса оған ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-і көлемінде кепілдендірілген төлем беріледі. Бұл бүгінде 15274 теңгені құрайды және жыл сайын 2% қосылып отырады. Мысалы, еңбек өтілі 11 жыл болса 56% алады, егер 28 жыл болса 90%-тей алады. Егер зейнеткерде 33 жыл жиналса ол ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100% көлемінде алады», — деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
Сондай-ақ министр бүгінде 2 млн 140 мың зейнеткердің 940 мыңы (44,5%) ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100% көлемін (28284 теңге), 931 мың зейнеткер (43-44%) ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74-90% көлемін, ала зейнеткерлердің ең аз бөлігі, яғни 120 мың адам ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% көлемінде зейнетақы алатынын айтты.