Айнұр Тұрсынбаева: Бала-шағасын асырау үшін еден жуып жүрген еркек көрмеппін - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Айнұр Тұрсынбаева: Бала-шағасын асырау үшін еден жуып жүрген еркек көрмеппін

Айнұр Тұрсынбаева: Бала-шағасын асырау үшін еден жуып жүрген еркек көрмеппін

Айнұр Тұрсынбаева бала-шағасын асырау үшін “қара жұмыс” істеуден арланатын еркектерді сынға алды. Ақынның айтуынша, перзенті үшін басын тауға да, тасқа да соғатын – ана.

  • 5 Маусым 2018
  • 240
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

“Мүмкін мен қателесіп тұрған шығармын. Бірақ мен көпшілік орындарда еден жуып жүрген, дәретxана жуып жүрген еркек көрмеппін. Түгел әйелдер! Астананың қысын білесіздер. Қақаған аязда аяғын бір-біріне соғып әйелдер банкадағы салат сатып тұрады. Еркектер мұндай жұмысқа намыстанады! Сонда әйелдер намысы жоқ болған соң туалет жуып жүр ме деген сұрақ туады. Жоқ! Керісінше әйелдер бала-шағасына тамақ тауып беру үшін еш қиындыққа қарамайды!” – дейді Тұрсынбаева.

Ақынның бұл тақырыпты қозғауы бекер емес. Айтуынша, оған күніне жүздеген әйелдер көмек сұрап, хат жазады екен.

“Маған күніне мың әйелден “балаларыма киімге, тамаққа ақша беріңізші” деген xат келеді! Бірақ бір де бір еркек ондай xат жазған емес! Олар “намыстанады”! Жұмыссыз жүрген қаншама ер-азаматты білемін, келіп команда жинап, сауда жаса десең намыстанады! Бірақ отбасын асырай алмау ұят емес! Мен отбасын асырау үшін еңбектенетін ер азаматтарды қатты сыйлаймын”, – дейді Тұрсынбаева.

Оқи отырыңыз:

Денсаулық сақтау министрлігі Тоқаевтың менингитке қатысты сынына жауап берді

Желіде “танымал кәсіпкер Қайрат Құдайберген гей” деген ақпарат тарап жатыр
Менингококк инфекциясынан қалай сақтануға болады – дәрігерлер кеңесі