Мектеп түлектері үшін басты сын: Бүгін Қазақстанда ҰБТ басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мектеп түлектері үшін басты сын: Бүгін Қазақстанда ҰБТ басталды

Мектеп түлектері үшін басты сын: Бүгін Қазақстанда ҰБТ басталды

Мектеп қабырғасынан түлеп ұшқан түлектердің алғашқы легі бүгін Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп жатыр.

  • 20 Маусым 2018
  • 50
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Биыл республика бойынша мектеп бітірушілердің 70%, яғни 102 мыңы ҰБТ тапсырады. Астанада 6 мыңға жуық түлектің 90% тестілеуден өтеді. Мектеп бітірген 147 мың түлектің басым бөлігі ҰБТ-ны қазақ тілінде тапсыратыны жөнінде бұған дейін айтылған болатын.

ҰБТ 5 пәннен тапсырылады: 3 міндетті пән, қалған 2-уі түсетін мамандығына сәйкес бейінді пән.

Тағы бір айта кетерлігі, «Алтын белгі» иегерлері тек өзгелермен балы бірдей болған жағдайда ғана басымдыққа ие болады. Осы жылдан бастап түлектердің ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыруға ерік берілді. Министрліктің дерегіне сүйенсек, 250 түлек ағылшын тілінде тапсыруға өтініш білдірген. 

2018 жылға арналған Ұлттық бірыңғай тесті сұрақтары 50 пайызға жаңартылып отыр. ҰБТ-да жалпы 80 мың сұрақ болады.

Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу 167 орталықта, атап айтқанда ЖОО базасында 48, колледжер арасында 3, мектептер базасында 116 орында өткізіледі. Осы жылы сонымен қатар, аудиторияларға ұялы байланыс сигналын тұншықтыратын жаңа қондырғылар орнатылған. Ол құрылғы 4G ұялы байланыс сигналын да таратпайды.

Қазақстандық мектеп бітірушілерге Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуге екі рет мүмкіндік беріледі. Екеуінде де қажетті балл жинай алмаған балалар ЖОО-ға шартты түрде қабылданады.

«Егер мектеп бітіруші ҰБТ-да қажетті балды жинай алмаса, оған тестті қайта тапсыруға мүмкіндік беріледі. Алайда, екінші нәтижемен түлек мемлекеттік білім грантына таласа алмайды, тек ақылы негізде ғана білім ала алады. Бұл жүйе баяғыдан бар. Ал екі мүмкіндікте де тестілеуден өте алмаған балалар ЖОО-ға шартты түрде қабылданады және бірінші семестрдің соңында кешенді тест тапсырады. Бұл жолы қажетті ұпай жинаса, университеттегі білімін жалғастыра береді. Яғни, балалардың жоғары білім алуы үшін барлық жағдай жасалып отыр», — деп түсіндірді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов.


Оқи отырыңыз:

Арман басқа қыздармен кездесіп жүр: Бейтаныс жігіт күйеуінің көзінше Ашаға сезімін білдірді

"Байзақовамен клипке түсіп, көтенін сипап жігіт болыпсың!": Бағлан Əбдірайымов жас әншілерді сынға алды

ҰБТ нәтижелерi Telegram-да жарияланады