Нұрлан Қоянбаев “Бизнес по-казахски” комедиясының үшінші бөлімін түсірмек - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұрлан Қоянбаев “Бизнес по-казахски” комедиясының үшінші бөлімін түсірмек

Нұрлан Қоянбаев “Бизнес по-казахски” комедиясының үшінші бөлімін түсірмек

Бұл туралы stan.kz НТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Әрдайым көрерменді күлкіге қарық қылып жүрген Нұрлан Қоянбаев, бұл күні аса салмақты. Әзіл әлемінің майталманын Алматылық жастар маңызды жүздесуге арнайы шақырған еді.

“Енді қатты дайындалдым деп айта алмаймын. Барынша, бастысы шынайы айту. Осы 17 жылда,

  • 20 Маусым 2018
  • 18
Фото - Caravan.kz

Әрдайым көрерменді күлкіге қарық қылып жүрген Нұрлан Қоянбаев, бұл күні аса салмақты. Әзіл әлемінің майталманын Алматылық жастар маңызды жүздесуге арнайы шақырған еді.

“Енді қатты дайындалдым деп айта алмаймын. Барынша, бастысы шынайы айту. Осы 17 жылда, 2001 жылдан бері әзіл әлемінде жүрмін ғой. Сондықтан да, тәжірибеммен бөлісемін”, – дейді Қоянбаев.

Жинаған тәжірибемнің арқасында, айтарым мол деген Қоянбаевтың, соңғы кездері жарғақ құлағы жастыққа тимей жүргені тағы бар. Танымал тележүргізуші әрі продюсер, кезекті картинасын таспалаудың қамымен әлек.

“Шілде айының соңғы күндері, тамыз айының басында біз «Бизнес по-казахски» картинасының жалғасын түсіреміз деген шешімге келдік. Өйткені ғаламтор арқылы көптеген адамдардың тілектерін оқып, сондай шешімге келдік”, – дейді Нұрлан Қоянбаев.

Көрерменнің қалауын құп көрген Нұрланның айтуынша, қазақстандық бизнесмендер хикаясы енді өзге елде жалғаспақ. Алайда, кейіпкерлердің нақты қай мемлекетте кәсібін дөңгелетіп көретіні әлі белгісіз.


“Келіссөздер жүріп жатыр әлі. Қазір екі жер болып отыр, Дубай мен Африка. Үшінші кинода біз басқа менталитетке келуіміз керек. Мысалы, көшпенділер басқа менталитетпен кездесу керек. Арабтармен немесе африкандықтармен. Қаражат жағын енді, құдайға шүкір ағаларымыз бар елде, демеушілер бар. Алып шығармыз”, – дейді Қоянбаев.

Ал, ел сұраған комедия осы жылдың аяғында жарық көреді деп жоспарлануда. Олай болса, Қоянбаевтан тағы бір тың туынды күтеміз!