Сыпайы, ұялшақ қыз: Бүркіт атышулы Байзақова жайлы пікірін білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сыпайы, ұялшақ қыз: Бүркіт атышулы Байзақова жайлы пікірін білдірді

Сыпайы, ұялшақ қыз: Бүркіт атышулы Байзақова жайлы пікірін білдірді

Айжан Байзақова десе, көпшілік арсыз әрекеттерімен танылған жартылай жалаңаш қызды елестетеді. Алайда әнші әрі кинорежиссер Бүркіттің ойы мұндай емес. Ол Айжанды сыпайы әрі ұялшақ қыз деп санайды.

  • 9 Шiлде 2018
  • 74
Фото - Caravan.kz

Атышулы бикеш жайлы пікірін ол “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында білдірді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

“Ол қыз бізге кастингке келген. Былтыр “Логово” киносында бағын сынап көрді. Былай сыпайы, ұялшақ қыз. Мен: “өзіңді көрсет, ғаламтор желісінде өзіңді қалай ұстайсың, соны көрсетші”, – деп едім, біраз отырып, өзі де болмайтынын түсінді”, – дейді Бүркіт.

Кинода ойнай алмайтынын түсінген Байзақова бүгінде отандық бейнебаяндарда басты рөлді сомдап жүр. Мәселен, ол Alem Band тобының екі бірдей бейнебаянына түскен. Көпшілік сынға алғанымен, топ продюсері Байзақованың арқасында атын шығарып алғанына қуанышты.

“Бұл негізі жаман дүние емес қой. Жақсы, қазір Қазақстанның 60 пайызы Alem Band тобын біледі. Атын шығардық. Екі жылда 5 клип шығарып, таныта алмай жүргенде бір бейнебаянмен-ақ атын шығардық, Құдайға шүкір.


Өзім клиптерде Қазақстанда жасатпаймын. Ресейде жақсы жасайтын жігіт бар, соған жіберемін. Бағасы да арзан емес. Бізде мысалы, 500 доллар болса, ол жақта 1500 доллар. Аранжировканың өзі ғана осынша тұрады. Ал біздің әндердің бәрі сол жақта жасалады”, – дейді Alem Band тобының продюсері.