Қыздың туыстарының айтуынша, Қырмызы Энепияеваны соңғы рет 10 шілдеде №13 ықшамауданындағы базардан көргендер бар. Қырмызы базардан шамамен сағат 18.00-де таксиге отырып кеткен. Сол күйі оралмаған.
"Таксиде күйеуіне қоңырау соғып, үйге бара жатқанын айтқан. Бірақ не сол күні, не келесі күні ол үйге оралмады. Біз бірден полицияға арыз жаздық. Ақтаулықтардан іздестіру жұмыстарына көмек берулерін сұраймыз", — дейді жоғалып кеткен қыздың әпкесі Лаура Энепияева.
Сол күні Қырмызы Энепияева ақ түсті жейде мен сарафанда, ал қолында кішкентай сөмкесі мен пакеті болған.
Қыздың қай жақта екені жайлы мәлімет білетіндерден мына нөмірлер бойынша хабарласу сұралады: 8 702 645 57 00 немесе 102.