Жапонияда нөсер жаңбыр мен лай көшкіні салдарынан 204 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Today.kz Kyodo сайтына сілтеме жасап.
Агенттіктің мәліметінше, 60 адам із-түзсіз жоғалып кеткен.
Жапон билігі табиғаттың тосын мінезінің салдарынан Окаяма, Хиросима, Эхиме өңірлерінде көп адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Іздеу-құтқару жұмыстарына 70 мың құтқарушы қатысып жатыр.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жапонияның Премьер-Министрі Синдзо Абэге көңіл айту жеделхатын жолдаған еді. Онда Назарбаев Қазақстан халқының осындай ауыр сәтте Жапония халқымен бірге екенін жеткізіп, зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.