Қостанайда «Джип» жүргізушісі кәмелетке толмаған 3 қызды соғып, қашып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда «Джип» жүргізушісі кәмелетке толмаған 3 қызды соғып, қашып кеткен

Қостанайда «Джип» жүргізушісі кәмелетке толмаған 3 қызды соғып, қашып кеткен

Қостанайлық тәртіп сақшылары 3 жаяу жүргіншіні соғып кеткен жүргізушіге іздеу салды.

  • 16 Шiлде 2018
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы 13 шілде күні сағат 18:00-дер шамасында Қостанай қаласында болған. «Ақ түсті «Джип» автокөлігі Рудненский-Ленинградский көшелерінің қилысындағы жаяу жүргіншілер жолағында өтіп бара жатқан 16,13 және 11 жасар қыздарды соғып кеткен. Көлік жүргізушісі оқиға орнынан ізін жасырған. Полицейлер күдіктіге іздеу салды», — деді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь. Қыздардың екеуі түрлі дене жарақаттарын алды. Ал үшіншісі ауруханада жатыр.