Астанада анасы мен екі қызы кілем жуып жүріп қайтыс болып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада анасы мен екі қызы кілем жуып жүріп қайтыс болып кетті

Астанада анасы мен екі қызы кілем жуып жүріп қайтыс болып кетті

Астанада 43 жастағы әйел мен екі қызы Нұра-Есіл арығында кілем жуып жүріп қайтыс болып кетті.

  • 16 Шiлде 2018
  • 43
Фото - Caravan.kz

Оқиға 14 шілдеде сағат 15:28-де орын алған.

«ТЖК-ның өңірлік орталық аэромобильді жедел құтқару отрядының құтқарушылары қайтыс болғандардың мәйітін судан алып шықты. Оқиға қаланың шетіндегі Нұра-Есіл арығында болған.

1975 жылы туылған анасы және 2006, 2007 жылғы екі қызы кілем жуып жүріп абайсызда суға құлап, батып кеткен», – делінеді хабарламада.

Ведомствода мәлімденгендей, аталған орын кілем жууға арналмаған.

ТЖК мәліметінше, 9-15 шілде аралығында Қазақстандағы өзен-көлдерде 46 адам, оның ішінде 11 бала батып кеткен.


«Республика бойынша құтқарушылар 116 адамды құтқарылды. Оның ішінде 38 бала бар. Қайғылы жағдайдың негізгі себептері – өз күшін артық бағалау, қатты ағыс, аяқ—қолдың тартылып қалуы. Осындай 123 жағдай тіркелді. Оның 36-сы бала», – делінеді хабарламада.