Мұндай шешімді Мұнайлы аудандық мамандандырылған әкімшілік соты шығарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Құқық қорғау органдары бұл оқиғаның видеосын ұсынып отыр. Ведомство мәліметінше, оқиға 20 маусымда "Ақтау-Жетібай" автожолының 16-шақырымында болған. Газель көлігінің жүргізушісі Қ.Төлешовті жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін Маңғыстау облыстық ІІД ЖПҚ жол-патрульдік қызметінің инспекторы тоқтатқан. Әкімшілік жауапкершіліктен қашқысы келген жүргізуші полиция инспекторына "қазақпыз ғой" деп, 2000 теңге ұстатқан. Артынша жүргізушіге қатысты хаттама толтырылып, 336 700 теңге айыппұл салынды. Ал полицей марапатқа ұсынылуы мүмкін.