«Қазақстанда ылғи қазақтар тұрса тұншығып қалар едік» - ректордың кеңесшісі - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақстанда ылғи қазақтар тұрса тұншығып қалар едік» - ректордың кеңесшісі

«Қазақстанда ылғи қазақтар тұрса тұншығып қалар едік» - ректордың кеңесшісі

Еліміздің көп ұлтты тұрғындары әлеуметтік желіде түрлі мағынадағы жазбалар қалдырып жатады. Ең өкініштісі олардың кейбірінің қайтседе қазақты сөзбен түйреп өтуге тырысатыны жасырын емес.

  • 17 Шiлде 2018
  • 746
Фото - Caravan.kz

Сондай жазбалардың бірі Канат Тасибеков есімді желі қолданушысының назарына ілігіпті. Ол шын мәнінде мұндай посттардың өзін қатты алаңдататынын жазған.

Ал оны алаңдатқан жазба қандай және кім жазды дейсіз ғой.

Оны Қарағандыдағы білдей бір жоғары оқу орны ректорының кеңесшісі Togzhan Kozhaliyeva есімді қыз жазған.

«Қазақтар, кешіріңіздер. Дегенмен Қарағандыда орыстардың көп екені байқалады. Қалай білінеді дейсіз бе, себебі, олардың талғамы мен стилі ерекше. Қазақша понт жоқ…Шағын ғана дәмханада таңғы ас ішіп отырмыз. Бәрінен асып түсем деген жалған бақталас жоқ. Егер Қазақстанда тек қана қазақтар тұрса, онда тұншығып қалар едік»,-  депті ол.

Қанат Тасыбеков аталған жазбада нәсілшілдік пен кемсітушлік белгі бар деген ойда және ол автордың өзін бүкіл бір ұлттан жоғары қоймау қажеттігін ескертеді.


«Иіс әр адамда болады. Түрлі этностарда өзіндік иіс бар. Меніңше орыстардың өзінше иісі бар. Немістерің де, кәрістердің де өзіндік иісі болады. Сол сияқты қазақтардың өз иісі бар. Меніңше өз қазағының құндылығын жоққа шығарып, есесіне, бөтеннің қаңсығын таңсық санайтындар, өзгенің артын иіскеп, содан ләззат алатын адамдар сияқты елестейді»,- деп жауап беріпті Қанат Тасыбеков