Қапшағайдағы демалыс орындарының бағасы адам шошытарлық - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қапшағайдағы демалыс орындарының бағасы адам шошытарлық

Қапшағайдағы демалыс орындарының бағасы адам шошытарлық

Қапшағайдағы демалыс орындарының бағасы қандай? 

  • 18 Шiлде 2018
  • 226
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

"Мынау Алматы маңындағы жасанды су қоймасы Қапшағайдағы демалыс орнының бірі. Сенбі-жексенбі бала-шағамен жүгіріп барайын десең бағасы ұрып тұр.

Көлікке бісіміллә деп 3000тг, адам басына келгенің үшін 1500тг, бассейнге түсу үшін бөлек 3500тг, бір күндік жатын орын арзаны 25000тг, беседка алсаңыз 12000тг, бұдан бөлек әр жатқан шезлонг пен креслоңыз да тәулігіне 1000тг.

Енді есептей беріңіз бір адамға бір тәулік дем алу 46 000тг. Бұған ішіп-жемді қосыңыз. Бір шәйнек қара шәй 700тг бар мен асхананы жазбай-ақ қояйын. Ещё өзіңмен тағам-сусын әкелу категорический запрещается деп қойыпты (!) Негізі бұл заңға қайшы! 

Айтпақшы, 5 жасқа дейін балаға БЕСПЛАТНО деп айқайлатып жазылыпты, онсыз да балақайлар суға жалғыз бармасы анық. Мұны неге жаздым? Сіз Ыстық көлді қатты жаздыңыз, неге Қапшағай, Алакөлді жазбайсыз (типа қазақ журналисісіз т.б.) деп сұраушылар көп. Қапшағайдың көз шалған бір демалыс орны осы", деп жазды журналист Гүлмира Әбіқай желідегі парақшасында. 


Оқи отырыңыз:

Балалар туристік пойызы Қазақстанды аралайды

Алматылық студенттер 23 миллионға салынған алып тиіннің көшірмесін 230 мың теңгеге жасады

Некесіз бала туған жас әйел туыстарының қолынан ажал құшты