Түркістанда күйеуі өлімші етіп сабаған жас келіншек із-түссіз жоғалып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістанда күйеуі өлімші етіп сабаған жас келіншек із-түссіз жоғалып кетті

Түркістанда күйеуі өлімші етіп сабаған жас келіншек із-түссіз жоғалып кетті

Күйеуі ұрып-соққан 19 жастағы жас келіншек бірнеше күннен бері табылмай жатыр.

  • 25 Шiлде 2018
  • 38
Фото - Caravan.kz

Жоғалған келін жайлы журналист Гүлмира Әбіқай фейсбуктегі жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.  

“Күйеуі өлімші қылып сабап, таңғы 6-да үйден шығып кеткеніне бүгін төртінші күн. Содан бері Жансаяны көрдім-білдім деген адам жоқ. Жасы 19-да. 7 ай бұрын көрші ауылдың баласы алып қашты. Екі айдан соң төркініне көкала қойдай боп аяғы сынып келді, үш айдан соң қолы шытынап тағы келді. Бұл жолы үшінші рет келгенде келін болған жерден түңілдім деп кесіп айтты. Шымкенттік жеңгелер қойсын ба, соңғы рет деп түнделетіп күйеуіне қайта қосты”. Соңғы жолы келіншек таңертең үйінен кетіп, қайта оралмаған. Оны 4 күннен бері іздеп жатыр

“Таңғы алтыда енесі, күйеуі бәрі төсек сипап қалды. Жас келін белгісіз жаққа кеткен күйі жоқ. Бүгін төртінші күн, оқиға Түркістан обл, Созақ ауданында орын алды. Жансая дәл осы күйде үйден безіп шыққан, ақ жаулықты келіншекті кім көрді??”, – деп жазады Гүлмира Әбіқай.